Сұранысқа ие мамандар даярлануда
Ұлт жоспары бағдарламасында көрсетілген кәсіби білікті мамандарды даярлау тапсырмасы негізінде, мемлекетіміздің басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 01.09.2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы «…біз кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн.», деген тапсырмасына сәйкес, осынау маңызды құжатты түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жалғастыра отырып,
«М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжі» Республика бойынша, қаламыздағы 10 алдыңғы қатарлы колледждерге енген.
Колледж 50 жыл ішінде Қазақстандағы ең ірі оқу орындарының біріне айналды, өз қызметін қаланың ғана емес бүкіл оңтүстік аймақтың кәсіпорындарымен тығыз байланыста жүзеге асыруда. Сонымен қатар колледждермен, университеттермен және зияткерлік бағыттағы мектептермен ынтымақтасуда. Осы жылдар ішінде әр түрлі салаларда өздерінің кәсіби сапаларында қолдануға болатын ондаған мың мамандар дайындалып шықты.
2004 жылы колледжіміздің директоры болып, қоғам қайраткері, білім мен ғылым саласының майталманы, з.ғ.д. Досалиев Қанатбек Балтабайұлы келген уақыттан бері, колледжіміз оқу шаңырақтарының ішінде үздік нәтижелерге жетіп отырды.
Қанатбек Балтабайұлының білімділігі мен криативті ойлау қабілеттілігі және іскерлігінің арқасында қаламызда орналасқан «М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжі», орны бөлек оқу орны. Өйткені жастарға өнеге боларлықтай, білім ұясының өткен тарихы мен бүгiнiнен сыр шертер мұражай жәдiгерлерi, талапқа сай оқу-әдістемелік оқу құралдары, макеттер көрмесі, кітап қоры жеткілікті кітапхана жұмыс істеуде.
Колледжде білім алумен қатар спорттың кез келген түрімен шұғылдануға, би немесе ән үйірмелеріне, студенттер арасында өткізілетін ғылыми шығармашылық конференцияларға, пікір — сайыстарға қатысуға зор мүмкіншіліктер болуымен қатар, жетістіктер де мол.
Әсіресе 2008-2009 жылдардағы бүкіл әлемдік дағдарысқа қарамастан Қ.Б.Досалиев, колледжімізде келісім-шарт негізінде оқитын студенттерден түскен қаржыны үнемдеп, бюджеттен ешқандай да қаражат алмай, колледждің бүкіл коммуналдық қызметтерін, қажетті салықтарын, оқытушылардың айлықтарын төлеп қана қоймай, үнемдеуден қалған қаражатқа колледжіміздің сыртында орналасқан ойын алаңдары жөнделіп ретке келтірілді. Оқу – тәжірибе өткізілетін шеберханаға, қосымша ғимарат қосылды. Ғимараттардың ішкі бөлмелері жөндеуден өткізілді және оқу үрдісіне қажетті жихаздармен жабдықталып, зертханалар жаңа парталар орындықтарымен қамтамасыз етілді.
Қ.Б.Досалиев өзінің білім саласындағы жаңашыл ойын, ұжым мүшелерінің әрбірінің санасына дұрыс сіңіре білгендігінің арқасында колледжіміз, колледждер арасында ең алғашқылардың бірі болып, Сапа менеджменті жүйесін ендірді. Халықаралық байланысты нығайту үшін ТВЕТ Британия колледждері ассоциациясымен, Кембридж аймақтық колледжімен байланысқа шығуы талапкерлер үшін мүмкіндік көкжиегін кеңейтті. Бұл колледждің, оны басқарып отырған сол кездегі басшылығының мықтылығын, шетелдіктердің де мойындап жатқанын білдірмей ме?
Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы (АИР) арасындағы 2009 жылғы 22 қарашадағы Келісімді жүзеге асыру мақсатында, 2013 жылғы 1 шілдедегі № 265 санды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті арасындағы келісім шарт негізінде және де Қанатбек Балтабайұлының тікелей белсенділігінің арқасында, АИР азаматтары да техникалық кәсіптік мамандықтар бойынша, 2013-16 оқу жылддарында колледжде сапалы білім алып, өз елдеріне маман иелері болып қайтты.
Қ.Б.Досалиевтың, тың ойлары мен білім саласына қосқан үлестері, ұжыммен жұмыла отырып атқарған еңбегі, мемлекет басшылығы, Білім және ғылым министірлігі, жергілікті басқару органдары тарапынан елеусіз қалмай, «М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі» бірнеше жыл бойы, «Аймақтың үздік колледжі» Дипломдарымен марапатталып келеді.
2007 жылы «Студенттер арасында қазақстандық патриотизмді және ұлттық ерекшелікті жоғары деңгейде тәрбиелегені» үшін, колледжіміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
2011 жылғы желтоқсанда — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі колледжімізді Республикадағы «Үздік гуманитарлық колледж» номинациясында деп таныды, ал Францияның ұлттық индустриясын ілгерілету қауымдастығы колледжімізге «Жоғары сапалы қызметі үшін» номинациясындағы «Алтын медалі» иегері атағын берді.
Қанатбек Балтабайұлының, өзіне лайықты парасат пайымдылықпен ұжымды жігерлендіре білгендігінің арқасында, еліміздегі еңбек нарығына қажетті бәсекелестікке қабілетті жоғарғы сыныпты кәсіби техника мамандарын даярлау мақсатында 2015 – 2016 оқу жылдарында: 1) 5AB0730401- «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану қолданбалы бакалавры»; 2) 5АВ0610301-«Бағдарламалық қамтамасыздандырудың қолданбалы бакалавры» (түрлері бойынша), интеграциаланған тәжірибеге бағытталған бағдарламамен оқып, «бакалавр» дәрежесін алып шығатын оқу түрі ашылып, қазіргі уақытта мамандар даярлануда.
Осындай жетістіктер арқасында, мемлекетіміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан, алдымен 2016 ж. – «Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі» атағы, ал келесі 2017 жылы, колледж ұжымының өтініші және Қанатбек Балтабайұлының белсенді бастамшылдық қолдауымен, колледжіміз «М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі», аталды. Бұл колледжіміз үшін есте қаларлық уақиғалардың бірі болғандықтан, колледжіміздің алдына, осы ұжымда талай жыл басшылық қазмет атқарып, колледжді кезінде талай жетістіктерге жеткізген М.Өтебаев кісіге, колледжіміздің алдынан ескерткіш – бюст орнатылып, оқытушылар мен студенттер және келген қонақтар демалып тыныс алатын, саябақ ашылып қолданысқа берілді.
Қанатбек Балтабайұлы, колледж ұжымының әрбір мүшесінің әлеуметтік жағдайларына да көңіл бөліп отырды және колледжде оқитын, жетім, әке – шешесінің қарауынсыз қалған студенттерді анықтап, олардың әлеуметтік жағдайын шешуге тырысып, бірінші кезекте жатақханамен қамтамасыз етіп, мүмкіндігінше студенттерге өзінің жеке қаражатынан жылда, жан – жақты көмек беріп отыруға тырысты.
Осы еңбек жолында, адал атқарған игі еңбегі, адамгершілігі мен өзгеге деген қамқорлығы және халықтың қалаулы азаматы ретінде Қ.Б.Досалиев, ОҚО мәслихатының екі шақырылымымен, екі ретте облыс деңгейінде депутат болды.
«М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі», 12/12/2018 № KZ74LAA00013419 санды ((2020 жылғы 24 ақпанда жаңартылған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Шымкент қаласының білім саласындағы бақылау Департаменті берген) лицензияға сәйкес, өзінің білім беру қызметін мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын ретінде жүзеге асыруда.
Қорытындылай келе айтпағымыз: Біздің негізгі стратегиялық мақсатымыз, оқу — материалдық базаны жаңғырту арқылы, инновациалық технологияны енгізу, оқытушылардың кәсіби біліктілігін көтере отырып, еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау.
К.Қапбарова,
«М.Өтебаев атындағы
Жоғарғы жаңа технологиялар
колледжі» ұжымының атынан,
«Құқықтану пәндері» кафедрасының меңгерушісі.
Н.Джакипбеков,
кафедра оқытушысы.