СЫРТҚЫ ҚАРЫЗЫМЫЗ 161 МЛРД. ДОЛЛАРҒА ЖАҚЫНДАДЫ
Қазақстанның сыртқы қарызы 161 млрд. долларға жуықтады. Бұл туралы Ұлттық банктің Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев мәлімдейді.
Бірақ ол 161 млрд теңгенің 80 пайызына мемлекетте, қарапайым адамдар да жауапты емес екенін алға тартады. Көрсетілген берешектің басым бөлігі дәлірегі, 101 миллиардтан астамы Қашаған, Теңізшевройл және Қарашығанақ жобаларын іске асыру үшін инвесторлардың алған берешегі болып табылады. Ұлттық банк маманы халықаралық әдіснамаға сәйкес, осындай инвестициялар да елдің сыртқы қарызы болып саналатынын тілге тиек етеді. Ал сыртқы қарыздың 46 миллиарды өзге компанияларға тиесілі. Жоғарыдағы соманың ішінде мемлекеттің қарызы бар-жоғы 8,2 пайызы немесе 13 миллиард 200 миллион долларды құрайды екен.
«Уақыт».