САҚШЫЛАР ЖЕТІ КҮНДЕ 7 ҚЫЛМЫСТЫ ҚАЛАЙ АШТЫ?

Шымкентте ақпан айының алғашқы жеті күнінде бейнебақылау камераларының көмегімен 7 қылмыс ашылған.

Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 1-7 ақпаны аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 6900 қоңырау келіп түскен.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 7 қылмыс ашылған. Құзырлы орган бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстың жылы ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсететінін атап өтеді.
Сондай-ақ, нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 919 факті анықталған. Олардың ішінде 18-і қоғамдық орындарда қоқыс тастау, 37-сі қоғамдық орындарда мас күйінде болу,30-ы қоғамдық орындарда қайыршылық жасау, 721-і жол қозғалысы ережелерін бұзу және өзге де құқық бұзушылықтар болған.