КОРОНАВИРУСТАН КЕЙІНГІ ОҢАЛТУҒА МҰҚТАЖСЫЗ БА?

Коронавирус пен Covid-19 белгілері бар пневманияға шалдыққан көп науқастардың денсаулығы емделіп шыққанына қарамастан, ағзалары қалыпты күйге түсе алмай қалғаны туралы деректер жиі айтылып келеді. Естеріңізде болса ағымдағы жылдың шілде айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Болат Төкежанов пандемия кезінде КВИ-мен пневманияға шалдығып, ағзалары әлсіреп қалған адамдарға оңалту шаралары жүргізілетінін мәлімдеген.
Төраға бұл үшін кететін шығындар қор есебінен төленетінін де тілге тиек еткен.
Ауруханадан шыққаннан кейін ауру ағымының ауырлығына, ілеспе патологиялардың болуына байланысты пациент медициналық оңалтудың 2-кезеңіне немесе бірден 3-кезеңіне жіберілуі мүмкін. Оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәуліктік стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторий-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда немесе қашықтықтан жүргізіледі. Коронавирустан кейінгі синдром психологиялық қолдау шараларын қажет етеді.
Бұл туралы ӘМСҚ баспасөз қызметі хабарлайды. Хабарламада «Егер науқаста коронавирустық инфекция болса, қанның оттегімен қанығуы 95% — дан төмен, өкпенің зақымдану деңгейі 50% — дан асса немесе бұл көрсеткіш 25% деңгейінде болса, бірақ нормадан асатын ентігу, қатар жүретін аурулар, оттегі қолдауы қамтамасыз етілсе, емдеу реанимация және қарқынды терапия бөлімінде өтсе, науқас 2 кезеңді қалпына келтіруді қажет етеді. Орташа айқын көрінген бұзылулары бар пациенттер 3 кезеңге жіберіледі» — делінген.
Айта кету керек, егер көрсеткіштер болса, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да 3 кезеңді оңалтуды ала алады. Сондай-ақ, олар мультидисциплинарлы топтың бағалауынан өтуі қажет.
Әрбір пациент үшін оңалту курсы пациент ағзасының ерекшеліктерін, оның қосалқы ауруларының болуын, жасын және т.б. жағдайларды ескере отырып, жеке таңдалады.
COVID-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды оңалтуға жіберу тәртібі бұрынғы тәртіптен ерекшеленбейді. Яғни, Сіз учаскелік дәрігермен кеңесуіңіз керек. Учаскелік дәрігер пациенттің жағдайын бағалау үшін реабилитолог немесе көп салалы мамандар тобының кеңесіне жолдама береді. Тексеру кезінде тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілігі (Бартел индексі) ескеріледі.
Қор коронавируспен немесе пневмониямен ауырғаннан кейін оларға мұқтаж сақтандырылған халық үшін оңалту қызметтерін үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Оңалту қызметтерін көрсету үшін биылғы жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 559 жеткізушімен шарттар жасасқан. Оның ішінде осы қызметтерді жеткізушілер қатарында 203 жеке медициналық ұйым бар.
Егер емделушіге көмек көрсетуден бас тартылса немесе оның оңалту ережелеріне қатысты сұрақтары туындаса, онда пациент 1406 байланыс орталығына жүгіне алады немесе Qoldau 24\7 мобильдік қосымшасында өтініш қалдыра алады.