САНАТОРИЯДАҒЫ СУДЫҢ ШИПАСЫ КӨП
Сайрамдық «Sairam thermal resort» санаторийі пандемия кезінде дертке шалдығып, оны жеңіп шыққан науқастардың организмін қайта қалпына келтіру үшін арнайы емдік-сауықтыру бағдарламасын әзірледі. Соның негізінде санаторий қызметкерлері халыққа денсаулықты нығайтатын ем-дом жасау үшін аудандық әкімдік пен кәсіподақ ұйымдарымен келісім-шарт түзген.
Санаторийдің негізгі бальнеологиялық факторы – термиялық минералды су болып табылады. Аталған тіршілік нәрінің құрамында темір, күкірт, натрий, хлор, йод, бром және басқа да пайдалы компоненттер бар. Құрамы минералға толы судың қабынуға және аллергияға қарсы әсері бар. Және де ол гемодинамика, зат алмасу, эндокриндік жүйенің, қанның клиникалық және биохимиялық көрсеткіштерін жақсартады.
Санаторий коронавирусқа шалдығып, қайта жазылған науқастарға магнитотерапия, дәрілік электрофорез, ингаляция, тыныс алу гимнастикасы, діріл массажы, құрғақ көмір ванналары, тұзды шахталар сынды ем-дом жүргізеді.