Қамқорлық танытқан абзал жан

Әлемді дүр сілкіндірген «Короновирус» жер бетіндегі әр бір адамды ойсыз, бей- жай қалдырмағаны анық. Осындай сындарлы шақта адамдардың мейірімі артып, аяныш, қорқыныш қасиеттері оянып, шүкіршілігі көбейеді деседі.

 

Ия, жасыратыны жоқ адамдар көп жағдайда ой, ерік, жігерлерін алаңсыздықпен алдаусыратыны. Бұл жолы алаңсыздыққа жол жоқ. Адамдар өз өздеріне бақылауды, отбасында сақтық шараларын күшейтіп тиісті ережелер мен талаптарға бағынып, өзімшілдікке тосқауыл жасағандары абзал.

Осындай ел басына күн туғанда, адамдардың ой-саналарын үрей билегенде аудандық «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері қарап қалмады. Іскер әйелдер шын ниеттерімен өз қалталарынан қаржы шығарып, мұқтаж отбасыларына көмек қолдарын созды. Бірлестік белсенділері мүмкіндігі шектеулі жандар мен мұқтаж отбасыларына бір жолғы көмек ретінде азық-түлік, бетперделер таратты. Осындай игі істердің басында жүрген іскер, қамқор жандардың атын атап өтуді жөн көрдік. Олар мейірімді көпбалалы аналар бірлестік төрайымы Нұржамал Майусова, Бибімариям Тұрмаханова, Күләйім Дүйсенбекова, Рабиға Отыншиева, Алтынай Ембергенова, Гүлнар Байжігітова, Қарлығаш Жамиева, Гүлнұр Сұлтанова тағы басқалар. Бірлестіктің ауыл- аулдардағы белсенді мүшелері де қайырымдылық жұмыстарын жүргізіп, мұқтаж жандарға көмек беруді жалғастыруда. Әрине айта кеткен жөн болар аталған бірлестік мүшелері, іскер нәзік жандылар бұдан бөлек барлық айтулы мерекелерде, жәй күндері мұқтаж жандарды қамқорлыққа алып жүретіндері белгілі.

 

Мақсат Қарғабай.