Ресейге экспортталған өнім құны 5 млрд. долларға жеткен
Көрші Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылы екі елдің өзара сауда саласы айтарлықтай нәтижелі болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен жылдың 9 айында біздің республикамыз бен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымының көлемі 17,2 миллиард долларды құрағанын мәлімдеді. Бұл 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3%-ға көп.
Аталған уақыт ішінде Ресей Федерациясына экспортталған қазақстандық өнімнің жалпы көлемі 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 3% жоғарылаған. Экспортталған өнім бағасы тауар айналымының жалпы көлемінің 5 миллиард долларын құраған. Тиісінше, Ресейдің де Қазақстанға экспорттаған өнім көлемі де 2018 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға өсіп, ол екі ел арасындағы өзара сауданың жалпы көлемінен 12,2 миллиард долларды құраған.