ӘКІМ БАС РЕДАКТОРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараны қабылдады.
Жүздесуде тараптар мемлекет саясатын жүзеге асыру, елдегі орын алып жатқан маңызды оқиғаларды оқырмандарға дұрыс жеткізу жайында сөз қозғады.
Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы бүгінде ақпараттық технологияның дамыған заманында да газеттің тәрбиелік мәні ерекше екенін атап өтті. «Газетті руханияттың негізгі тірегі деп қарауымыз керек. Газет оқыған ұрпақ сөзсіз жаман болмайды. Оны уақыт дәлелдеуде. Мемлекеттік идеологияны насихаттайтын құралдың бірі әрі бірегейі де – газет. Демек, осы бағытта жүйелі жұмыс істеп, құнды дүниелер мен жаңалықтарды үзбей оқырмандарға ұсынсақ нұр үстіне нұр болар» деді шаһар басшысы.
Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта қоян-қолтық жұмыс істеуге уағдаласты.

Шымкент қаласы әкімінің
баспасөз қызметі.