АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Бүгін, аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Б.Б.Омарбековтің төрағалығымен қала, ауылдық округ әкімдері, аудан мекеме басшыларының қатысуымен аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қарастырылды.
Қала, ауылдық округтеріндегі тұрғын үйлердің қасбетін, қоршаулары мен шарбақтарын және заңсыз құрылыстарды ретке келтіру барысы туралы аудан әкімінің орынбасарлары С.Дүйсебаев, Ғ.Төлепов, Р.Бейсебаева және аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Қадырбеков баяндады.
Екінші және үшінші қарастырылған мәселе – 2018 жылғы 7 айдың қорытындысымен индикаторлардың орындалуы жөнінде, аудандық бюджеттің 2018 жылғы 8 және 9 ай қорытындысымен болжамды игерілуі туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов сөз сөйледі.
Төртінші тақырып – қала, ауылдық округтерінде абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық бойынша атқарған жұмыстары және түнгі жарық шамдарының қазіргі жағдайы туралы аудан әкімі аппаратының инспекторлары айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімімен нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі