ТӨЛЕБИДЕ СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 18 тамыз күні Ленгер қаласы «Жастық» стадионында 19 тамыз Қазақстан Республикасының спорт күні мерекесіне арналған мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар қызметкерлері арасында спорттың 4 түрінен аудандық спартакиада ұйымдастырылып өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева, спорт саласы қызметкерлерін спорт күні мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа аудан бойынша 12 құрама командалар қатысып, 200-ге тарта спортшылар қатысты. : Кіші футболдан, арқан тартудан, үстел теннис, кір тасын көтеру спорт түрлері бойынша ұйымдастырылып. Жарыс нәтижесінде
Кіші футболдан I — орынды Ленгер қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, II – орынды Аудандық мәслихат командасы, III – орынды Аудандық ішкі істер бөлімі командасы иеленді.
Үстел теннисі жарысында: I – орынды Бесбай Жасұлан Ленгер қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы иеленді, II – орынды Құлышев Нұргелді аудандық мәслихат депутаты, III – орынға «Оңтүстік Жарық» ЖШС қызметкері Машаев Жәнібек көтерілді.
Кір тасын көтеру спортынан: I – орынды Әлжанов Жанғали Ленгер қалалық БЖСМ, II – орынды Ешенқұлов Бахыт, III- орынды Санаев Бағлан аудандық БЖСМ жаттықтырушысы иеленді.
Арқан тартудан: І- орынды Ленгер қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, ІІ- орынды Аудандық ішкі істер бөлімі командасы , ІІІ- орынды Аудандық мәслихат командасы иеленіп, жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтар, кубоктармен марапатталды. Жарыстың негізгі мақсаты жергілікті тұрғындар арасында отан сүйгіштік, елжандылық, салауаттылық құндылықтарды насихаттау; қызметкерлер арасында спорттық қарым- қатынас пен достықты нығайту болып табылады.