ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXVII сессиясы өтіп, күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. Жиында өткен ашық дауыс беру нәтижесінде Мұрат Жаңабайұлы Жолдыхожаев бірауыздан Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Сессия барысында депутаттар қала дамуы мен мәслихат жұмысына тікелей әсер ететін жауапты шешім қабылдады. Жаңа төрағалық лауазымға «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаевтың кандидатурасы ұсынылды.
Әріптестері оны қоғамдық-саяси өмірде тәжірибесі мол, халықпен ашық диалог орнатуда және қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде белсенділік танытып жүрген салмақты басшы ретінде сипаттады. Сондай-ақ Мұрат Жаңабайұлының Мемлекет басшысының реформаларын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және «Әділетті Қазақстан» идеясын жергілікті деңгейде жүйелі жүзеге асыруға қосып келе жатқан үлесін ерекше атап өтті.

«Уақыт».