«ЖАҢА АТА ЗАҢ – ЕЛДІКТІҢ БЕРІК ТҰҒЫРЫ»

Биыл қабылданған жаңа Конституция — мемлекетіміздің заңдық жүйесін ғана емес, бүкіл қоғамдық қатынастар мен мемлекеттік басқару институтын түбегейлі трансформациялауға бағытталған тарихи қадам. Ата Заңның жаңа мәтіні – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының заңдық тұрғыдан шегенделуі және біз ұмтылып отырған Әділетті Қазақстанның құқықтық темірқазығы.
Жаңаланған Конституцияның басты құндылығы – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті оңтайландырып, жергілікті өкілді органдардың, соның ішінде мәслихаттардың рөлі, мәртебесі мен жауапкершілігін ерекше арттыруында жатыр. Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне, аймақтық мәселелерді реттеуге араласу мүмкіндігі заң жүзінде кеңейтіліп, ашықтық пен жариялылық қағидаттары нақты бекітілді. Әсіресе, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілуі, сот пен заң үстемдігінің институционалды түрде қамтамасыз етілуі – әрбір қазақстандықтың мемлекетке және ертеңгі күнге деген сенімін нығайта түсетін басты фактор.
Осы орайда, жаңа Ата Заңның әрбір тармағының жергілікті жерде сапалы орындалуын қадағалауға тиіспіз. Жаңа Конституция – бұл уақытша саяси науқан емес. Бұл – мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын, ұлттық қауіпсіздігін, ең бастысы, халықтың әл-ауқатын арттыруды кепілдендіретін маңызды құжат. Мемлекет пен қоғамның, билік пен бұқараның мүддесін бір арнаға тоғыстырған бұл құжат – еліміздің демократиялық даму жолындағы жаңа белестерін айқындап, болашақ ұрпақ үшін дамудың даңғыл жолын салып берді. Тұғырымыздың беріктігі мен мемлекеттігіміздің мәңгілігі осы Ата Заң талаптарын мүлтіксіз орындау мәдениетінен бастау алады. Сондықтан Конституцияның өміршеңдігі үшін билік те, бұқарада да белсенді болуы, заң талаптарын толыққанды сақтауы тиіс!
Серік Мәлікұлы Нұрыш,
белгілі кәсіпкер, меценат.




