17 ҚАРАША – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ!

Құрметті әріптестер, ауыл шаруашылығының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауыл шаруашылығы – ел азаматтарының өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі. Сіздердің тынымсыз, тіршілікке қажетті еңбектеріңіздің арқасында бүгінде отандық аграрлық сектор нық дамып келеді. Бар өмірін туған жерге арнап жүрген сіздерге табысты еңбек тілеймін және төккен тердің жемісін көруге тілектеспін.
Өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, «Ауыл» партиясының бағдарламалық мақсаттарының жүзеге асырылуы жолындағы ынта-жігерлеріңіз үшін шын ризашылығымызды білдіремін. Дендеріңізге саулық, бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!

Қанатбек Досалиев,
«Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік
филиалының Төрағасы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.