Қонақтар саны күрт өскен
2019 жылы Түркістан облысына келген туристер саны 1 миллионнан асқан.
Бірақ 2020 жылдың басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілгендіктен киелі қалаға келуші қонақтардың саны да күрт төмендеген. Сөйтіп, былтыр Түркістан қаласына келуші туристер саны 300 мыңнан әрең асқан. Ал биыл санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болып, оны бағалау матрицасы бойынша өңірдің «жасыл аймақта» болу есебінен келуші қонақтар саны 5,5 есеге көбейген.
Облыс туризм саласын үздіксіз дамыту арқылы 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2,5 млн адамға арттыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Түркістан облысында туризм саласын дамытуға 80,8 млрд теңге бөлінген.