БАЙҚАУ NEET ЖАСТАРДЫ БЕЛСЕНДІ ӨМІРГЕ БЕТ БҰРҒЫЗА МА?

Түркістанда белсенді өмір салтынан бойын аулақ ұстап жүрген NEET санатындағы жастарды қолдау үшін «Evening sport» жобасы ұйымдастырылды. Шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Қазақшада кешкі спорт ұғымын бідіретін жобаның өз деңгейінде өтуіне Jas Otan жастар қанаты да үлес қосты.

 

Жоба аясында NEET санатындағы жастарға мемлекеттік бағдарламалар, жас кәсіпкерлерді қолдау, жастарды тұрғын үймен, жұмыспен қамту және өзге де бастамалар туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге олардың арасында асық ату, шахмат, үстел теннисі, гір тасын көтеру мен қол күресі сынды спорттың түрлерінен облыстық турнир өтті.
Асық ату сайысы бойынша бас жүлде бәйдібектік М. Биболсынға бұйырса, бірінші орынды Кентау қаласынан келген Е. Мырзаханов еншіледі. Екінші орынды жетісайлық Е. Дәулетов жеңіп алды. Ал үшінші орынды созақтық Қ. Алдабергенұлы олжалады.
Шахмат сайысында сарыағаштық А.Абдукаримов бас жүлдені, қазығұрттық Әлі Тіленші бірінші орынды иемденді. Одан кейінгі жүлделі орындарды Арыс қаласынан келген Б. Асқаров пен Отырар ауданынан қатысқан Ш. Ақсұлтан өзара бөлісті. Гір тасын көтеруде бас жүлде созақтық Ф. Идоятовқа, бірінші орын жетісайлық О. Дербіске бұйырды. Сайрам ауданының намысын қорғауға келген Н. Өтебай мен сарыағаштық А.Абдуғаниевке қола медаль берілді.
Үстел теннисінен бас жүлдені А. Қонысбай алып, жетісайлық жанкүйерлерін қуантты. Отырарлық М. Қалдарбеков бірінші, Бәйдібек ауданынан келген Е. Аман екінші, сарыағаштық С. Мұханов үшінші орынды жеңіп алды. Қол күресінен келестік Б. Жауханға тең келер ешкім болмай бас жүлдеге ие болды. Созақтық Н.Амангелдиев болса бірінші, отырарлық Б. Бекболат пен сарыағаштық А. Ануар екінші және үшінші орындарды еншіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тапсырылды.