«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 79 ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Осы аптада Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан бірқатар тұрғын үй құрылыстарының барысын бақылады.
Қазіргі таңда үшінші мегаполисте аталған бағдарлама шеңберінде қалалық құрылыс басқармасының тапсырысымен 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Оның жалпы аумағы 287 мың шаршы метрді құрайды немесе 4832 пәтерге жетеді.
Құрылысы қарқын алған 79 көпқабатты тұрғын үйдің 57-сі кредиттік болса, 22-сі арендалық болып табылады. Салынып жатқан бұл үйлердің биыл 39-ы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 141 мың шаршы метрді құрайтын 2432 пәтерде қоныстой болады.