«АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 403 КВОТА БЕРІЛГЕН
Шымкентте бедеулікпен 338 жұп есепте тұр. Бала сүю бақытына қол жеткізе алмай жүрген бұл жұптардың 259-ы әйел денсаулығына байланысты бедеулікпен тіркеуге алынса, 56-сы ер азаматтың денсаулығына қатысты есепке қойылған. Тағы 13 жұп донорлық бағдарламада тұр.
Оларды жасанды жолмен ұрықтандыру мақсатында репродуктивті технологияны мемлекет есебінен тегін қолдану үшін 2019 жылы -50, 2020 жылы-64 квота бөлінген. Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасына сәйкес 403 квота бөлінді. Жыл басынан бері оның 338-і бөлінді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, квота алған әйелдер өз қалауларынша еліміздің үш мегаполисінде атап айтқанда, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан репродукция орталықтарында экстракорпоральды ұрықтандыру бойынша тегін қызметке жүгіне алады. Бүгінде Шымкентте 4 репродукциялық орталық орналасқан. Олар: «Экомед-Шымкент», «Эко-Шымкент орталығы» 2 филиалы, «Доктор Тарарака Шымкент орталығы», «Шымкент репродуктивті медицина институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері.
Ағымдағы жылы Экомед-Шымкентке» 177 квота бөлінген. Нәтижесінде 22 әйел жүкті болса, 120 келіншек бала көтеруге дайындық үстінде жүр. Ал «Эко-Шымкент орталығына» 129 квота бөлінсе, оның 40-ы жүкті, 71-і дайындықта. «Доктор Тарарака Шымкент орталығына» 25 квота берілген. Оның 4-еуі жүкті, 7-і дайындықта.