КЕПКЕН ЖЕМШӨПТІ РЕСПУБЛИКАДАН ШЫҒАРУ УАҚЫТША ТОҚТАЙДЫ

Ағымдағы жылдың 16-тамызындағы жағдай бойынша елімізде қорадағы төрт түлік үшін 20,7 млн. тонна ірі азық дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 81,7 пайызын құрайды. Осы жылдың 15-қазанына дейін жемшөп дайындау аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына жемшөп сатып алу үшін Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бағытталды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен өткен Үкімет отырысында айтылды.
Сонымен қатар биыл қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына Солтүстік өңірлерден жемшөп жеткізу үшін 43,1 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Елімізде қысқы жемшөп қорын толықтай қатамасыз ету үшін 23-тамыздан бастап ірі азықты республикадан шығаруға уақытша тыйым салынған шешім күшіне енді. Отырыс кезінде Үкімет басшысы Асқар Мамин қабылданған осы және өзге де шаралардың арқасында өңірлерді жемшөппен қамтамасыз ету мәселесі тұрақтанғанын айтты.
Жиында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі Е. Қарашөкеев ерікті ұйымдардың көмегімен қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге шамамен 150 вагон азық жеткізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар ведомства өкілі төрт түліктің алдағы қыс мезгілінде жемшөптен ешқандай тапшылық көрмеуін қамтамасыз ету үшін облыс әкімдіктерімен бірлесіп, азық дайындау жоспары бекітілгенін жеткізді. Оның сөзінше елімізде алдағы қысқа шөп дайындау жоспары 23,7 млн. тоннаны құраса, қазіргі таңда 9,7 млн тонна шөп немесе 83% дайындалған. Шаруашылықтар 989 мың тонна пішендеме әзірлеген. Бұл жоспардың 62%-ын құрайды екен.