ЖАҢА НЫСАН ЖҰРТ САУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТАДЫ

Шымкенттегі Абай ауданы «Ынтымақ-2» шағын ауданында тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 1 200 млн. теңгені құрайды. Нысан құрылысы жеке инвестор есебінен салынуда. Құрылыс аумағының көлемі 5000,3 шаршы метр.

Заманауи үлгідегі емхана тәулігіне 500 адамды қабылдау мүмкіндігіне ие. Емхана ғимараты бір қабаттан тұрады. Онда емдеу ісі бойынша тәжірибелі дәрігерлер бөлімі, күндізгі стационар, диагностика, бейімдеу орталығы, зертхана, фтизиатр, әкімшілік бөлімдері орналасады. Сондай-ақ нысан, компьютерік томография, магниттік-резонанстық томография, сандық рентген, лор комбайн, холтер, ЭКГ және тағы басқа құралдармен жабдықталады.
Сонымен қатар, азаматтардың емханаға келіп-кетуін оңтайландыру үшін тегін тасымалдаушы автобустармен қамтылады. Емханада 400 дәрігерге және қосымша 100 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жауапты мердігерлер құрылыс жұмыстарын биыл қазан айында аяқтауды жоспарлауда.