ҚҰРЫЛҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Қауіпсіз қоғамда өмір сүруді қамтамасыз ету айтуға ойғай болғанмен, оны жолға қою көп күш пен техниканы қажет етеді. Бұл ретте бейнекамералардың алар орны зор. Үшінші қалада түрлі келеңсіздіктің алдын алуға, тәртіпсіздікті реттеу мен қылмыстың ізін суытпай ашуға көп жәрдемін тигізетін 7753 камера жұмыс істейді.

Әртүрлі жерлерге орнатылған құрылғылардың 479-ы Шымкент қаласы Полиция департаментіне тиесілі.
Ал 1211 бейнекамера денсаулық сақтау басқармасына, 3601 бейнекамера білім басқармасының құзырында. Тұрғындар қауіпсіздігі үшін «Қазақтелеком» АҚ тарапынан тұрғын үйлердің кіреберісіне 2 462 бейнекамера орнату жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімдігімен жасалған үш жақты меморандум шеңберінде 56 «Сергек» камерасы 14 желілік учаскеде орнатылды.