«ЖҰЛДЫЗДАН» ЖЕР БЕРУ ЖАЗҒА ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында құны 100 млрд. теңге болатын 25 жобаның пулы жасақталды. Бүгінде аталған индустриалды аймақта инфрақұрылым құрылысын жүргізу бағытында бюджеттен қажетті қаржы қаралуда. Бұдан бөлек, ол жердегі 302 га жер учаскесінің мемлекеттік актісі алынған. Соған сәйкес, инвесторларға жер учаскелерін бөлу осы жылдың маусым айына жоспарлануда.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жазады.
Бұдан бөлек, қаладағы индустриалдық аймақтарда 2021 жылы 25,9 млрд. теңгеге 416 жұмыс орнын құрумен 9 инвестициялық жобалардың іске қосылуы жоспарлануда. Сондай-ақ, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында осы жылы 11,5 млрд. теңгеге 301 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.
Айта кетейік, қаладағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылған. Бұл мақсатта тартылған инвестицияның көлемі 62 млрд. теңгені құрайды. Онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Ал, «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылған. Нәтижесінде 1 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған.