ТҮРКІСТАН АВТОПАРКІ 10 ЖАҢА АВТОБУСПЕН ТОЛЫҚТЫ
Түркістан қаласына тағы да жаңадан SAZ LЕ-60 маркалы 10 автобус әкелінді. Алдағы екі ай ішінде қалаға 20 автобус келеді деп күтілуде.
Жаңа автобустар №18 бағыттағы «Тұран ауылы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан автовокзалы» автобус бағыты қаланың Тұран ауылы тұсынан бастау алып жаңа «Түркістан автовокзалы аралығында (Қазыбек би көшесі, Б.Саттарханов даңғылы арқылы) қатынайтын болады. Тұрғындар қоғамдық көліктің кешігуі, жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да жайттарға куә болса, 109 байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Айта кетейік, жақында дәл осындай үлгіде қалаға 20 автобус әкелінген болатын. Автобустардың сыйымдылығы 25 адамды тасымалдауға лайықталған. Желдеткіш пен қоларбаға арналған пандусы, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылғысымен жасақталған.