«ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AMANAT партиясы Сарыағаш аудандық филиалы жанынан құрылған «Парасат» пікірталас клубының алғашқы отырысы өтті. Алғашқы жиында Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиаев төраға болып сайланып, жиынды жүргізді.

 

«Парасат» пікірталас клубы қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, пікірталас алаңында жан-жақты талқылау мен шешу жолдарын қарастыруды көздейді. Сонымен қатар ауданның белсенді азаматтары мен саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету міндетін де атқарады. Басқосуға аудандық мәслихат хатшысы С.Тасқұлов және «Amanat» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Қыстаубаев, аудандық мәслихат депутаттары мен жастар, ауданның ардагерлері, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс төрағасы келесі жиында жастар тәрбиесі, сыбайлас жемқорлықты жою, ауыл шаруашылығы және медицина саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық диалог жүргізуді ұсынды. Бұдан бөлек, алда өтетін отырыстардың төрағасын тақырыпқа сай сайлау мәселесі де талқыланды. Жиында клуб мүшелері белсенділік танытып, түрлі салаға қатысты ұсыныс-пікірлерін айтты. Атап айтсақ, еркін форматта жүргізілген басқасуда клуб мүшелері жастар арасында жұмыссыздықты жою үшін өндіріс орындарын ашу, әкелер мектебін жандандыруды, әлеуметтік мәселелер және тағы да басқа ұсыныстарын ортаға салды.
Отырыс соңында келесі жиында жастар тәрбиесі мәселесі қаралатыны айтылды және кезекті отырыстың төрағасы сайланды. Алдағы уақытта клуб отырысында аудан көлеміндегі өзекті мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, кез-келген салада орын алып жатқан түйткілдер пікірталас алаңында ашық талқыланып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылмақ.