ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫС КЕСТЕСІ САҚТАЛУДА

Түркістан қаласында бой көтеріп жатқан әуежайдың құрылысын жүргізуде өндірістік жұмыс кестесі сақталуда.

 

Бүгінде Түркістан қаласынан 20 шақырым қашықтықта бой көтеріп жатқан әуежайдың жолаушылар терминалының металл құрылымдарын монтаждау жұмыстары толық аяқталған. Ұшу-қону жолағы, рульдеу жолы мен перронның негізін салу жұмыстары да тындырылған тірліктердің қатарында. Сонымен қатар, терминал қабырғаларын қалау жұмыстары 60 пайызға, ұшу-қону жолағын асфальт жабындысын төсеу жұмыстары 50 пайызға аяқталған. Бүгінде құрылысшылар жаңа әуежайдың қабырғаларын ішкі-сыртқы қабатын шынымен қаптау жұмыстарына кірісті.

Жергілікті билік аталған нысан пайдалануға берілсе, жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсететінін алға тартуда.