Пітір садақа 370 теңге болып белгіленді
ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Пітір садақаның құны ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал.
Пітір сөзі (араб тілінде) — «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған.
Пақыр адамның пітір садақа беруі – уәжіп емес. Егер беретін болса, өзінен де жағдайы төмен адамға бергені дұрыс.
Пітір садақаны Рамазан айының алғашқы күнінен бастап ораза айт намазына дейін беріледі.
Алла Тағала қасиетті айда берілген пітір, зекет садақаларыңызды қабыл етсін, Әмин!
Мұхамеджан Естеміров,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласының бас имам
орынбасары.