КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ КӨБЕЮІ ТОҚТАМАУДА

Дүние жүзі бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 2 миллионнан асты. Соңғы екі апта ішінде індетті 1 млн.нан астам адам жұқтырған. Қауіпті вирустан қайтыс болғандардың саны 140 700-ден асқан. Коронавирустан емделген науқастар саны жарты миллион асқан.

 

Індеттің таралуы АҚШ елінде белең алған. Кешегі жағдай бойынша алпауыт елде 640 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Испания, Италия, Германия, Франция елдерінде де ахуал күрделенген.

Ал Қазақстанда вирусты жұқтырғандар саны 1362 адамға жетті. Вирус табылған науқастардың 398-і Алматы, 316-сы Нұр-Сұлтан, 131-і Қызылорда қалаларынан болып табылады. Түркістан облысында -49, Шымкент қаласында -43 адам коронавирусқа шалдыққан.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан көз жұмғандар 17 адамды құрап отыр. Ағымдағы жылдың 16-сәуіріндегі жағдай бойынша 277 науқас емделіп шықты.