ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАРДЫҢ КӨП БӨЛІГІ ЖҰМЫССЫЗДАР
Осы жылдың І-тоқсанында елімізде 54 990 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Тіркелген қылмыс саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9 пайызға төмендеген. Десе де, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 119,8%-ға артты. Тіркелген қылмыстар ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар санының үлесі 20,3 пайызды құрап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 9,3 пайызға тең болатын.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті қылмыс деңгейінің артуы Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында, ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан өңірінде байқалғанын хабарлайды.
Ағымдағы жылдың үш айында тіркелген қылмыстардың 72,7 пайызы үлесті меншікке қарсы қылмыстарды құраған. Оның ішінде басқа біреудің мүлкін ұрлау қылмысының үлесі басым. Қадағалаушы орган жүргізген зерделеудің нәтижесінде үлесті меншікке қатысты қылмыстар арасында алаяқтық жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,2 пайызға артқаны анықталып отыр.
Өкінішке орай адам өлтіру саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,1% -ға өскен. Есепті кезең ішінде тәртіп сақшылары қылмыс жасаған 21,2 мың адамды анықтаған. Құзырлы органдар қылмыс жасаған барлық анықталған азаматтардың басым көпшілігі, атап айтқанда, 83,3 пайызы жұмыссыздар екенін алға тартады.