БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ТІЗГІНІ ЖАНАТ ТӘЖИЕВАҒА ТАПСЫРЫЛДЫ

Қала басшысы кадрлық саясатта өте сәтті қадам жасады

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы қызметіне Жанат Тәжиева тағайындалды. Бұл туралы ақпаратты жергілікті жердегі бірқатар БАҚ жазды. Бірақ жаңа тағайындауды Шымкент әкімдігі ресми түрде мәлімдемеді.

 

Білім саласында 30 жылға жуық еңбек өтілі бар Жанат Арысбекқызы үшін жаңа жұмысты алып кету қиындық тудырмайды деп айтуға болады. Себебі, ол бұған дейін де Шымкент қаласының білім саласын екі рет басқарған.  Қоғам арасында Жанат Тәжиеваның Шымкенттегі білім саласын үшінші рет тізгіндеуін тамыр-таныстықпен болып жатқан тағайындау деген болжамдар айтылуда. Сондай-ақ, бір жылдан аса уақыттан бері басшысыз тұрған басқарма жұмысын Тәжиеваға сеніп тапсыру дұрыс жасалған кадрлық таңдау деген пікірлер де кездеседі. Біздің де пікіріміз соңғы ойға үндес келеді. Себебі, Жанат Тәжиева көп орталарда өзін  білім саласының қыр-сырын жетік меңгерген басшы ретінде көрсете білген маман. Ол білім беру саласындағы реформаларды  іске асыру жолында ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен бірнеше рет көзге түскен.  Енді жаңа қызметте де жақсы кәсібилік қырымен танылады деген сенім мол.
Өз кезегінде біз бұған дейін  ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментін басқарған Жанат Тәжиеваның жаңа жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз.

 

«Уақыт».