ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастырумен 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай 40-қа жуық тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеті мен киім-кешек тегін таратылды. Игі іске Дүниежүзілік мұсылмандар қайырымдылық қоры мен Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы да қолдау танытты. Бастамаға демеушілер де қажетті көмегін берді
.Отбасылық кірісі аз, тапқаны тамаққа әрең жететін бұл жанұяларды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы анықтап, алдын ала тізім жасады. Көмек алған отбасылар ұйымдастырушылардың мұндай қолғабысына ризалық білдірді. Өз кезегінде оларға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бадғарламалар басқармасының өкілдері қиын жағдайға түскен отбасыларды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Көмекке мұқтаж жанұялар мұндай біржолғы жәрдеммен ғана емес, өзге де түрлі бағдарламалар негізінде жұмыспен қамтылып, нәпақасын молайтуға болатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылар мұндай бағыттағы жұмыстарды алдағы Наурыз мерекесі қарсаңында да өткізетінін атап өтті.