ТҮРКИЯ ТҰРҒЫНДАРЫ 83 МИЛЛИОННАН АСТЫ

Түркия Республикасының халқы былтыр 2018 жылмен салыстырғанда 1 миллион 151 мың адамға көбейген. Сөйтіп ел тұрғындарының саны 83 миллион 154 мыңға дейін өскен.
Бұл мәліметті елдің Статистика мекемесі таратқан. Мемлекет астанасы Стамбулда халықтың саны 15 миллион 519 мың адамға жеткен. Сонымен қатар, статистика елдегі ерлердің саны әйелдерге қарағанда анағұрлым көп екенін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда республикада 41 миллион 721 мың ер адам болса, ал әйелдер саны 41 миллион 433 мыңды құрайды екен. Яғни, Түркия халқының 50,2 пайызы ер адамдар болса, 49,8 пайызын әйелдер құрап отыр.