Биыл облыстың қай аудандарында жол құрылысы қарқын алады?
Өткен жылы Түркістан облысында 1270 шақырым жол пайдалануға берілген. Нәтижесінде өңірдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 74,1 пайызға жеткен.
Сала мамандары биыл бұл көрсеткішті 77,6 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Жоспарға сәйкес, 2021 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 81,4 пайызға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Бүгінде өңір аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 408 көпір орналасқан. Олардың 28-і жөндеуді қажет етеді. Жөндеуді қажет ететін 9 көпірге жобалық-сметалық құжат әзірленген. Былтыр 5 көпір жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілген болатын.
Жалпы алғанда осы жылы 223 нысан немесе 869,8 шақырым жол жөндеуден өтеді деп күтілуде. Оның бірқатары былтырдан осы жылға өтпелі болып табылады. Атқарылатын жұмыстардың басым бөлігі Мақтаарал, Жетісай, Келес, Шардара аудандарындағы автомобиль жолдарына тиесілі болмақ.