ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 76 ЕЛГЕ ВИЗАСЫЗ БАРА АЛАДЫ

Швейцариялық  Henley & Partners компаниясы төлқұжаттар индексінің халықаралық рейтингісін жариялады.  Рейтингте 199 елдің төлқұжат индексі сараланды. 

Онда барлық елдің визалық режимі зерттеліп, азаматтардың елдер арасында жүріп-тұру еркіндігі анықталған. Бұл рейтингте Қазақстан 67-орынға жайғасты. Қазақстандықтар 76 елге визасыз бара алады.
Henley & Partners компаниясы жасаған төлқұжаттар индексінің халықаралық рейтингісінде Жапония көш бастаған. Аталған елдің тұрғындары визасыз 191 елге сапарлай алады. Екінші орында Сингапур, үшінші орынға Германия мен Оңтүстік Корея елдері тұр.
Көрші Ресей Федерациясы бұл рейтингте 51-ші орыннан көрінеді. Бүгінде Ресейдің 118 елмен визасыз жүріп-тұру келісімі бар.
Henley & Partners компаниясы төлқұжаттар индексін 2006 жылдан бастап жариялап келеді.
Бүгінде елімізде паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 21 208 теңге болса, жеке куәлік – 530 теңгені құрайды.