ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ – ТӨЛ ТЕҢГЕ

Түркістан қаласындағы Н. А. Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясында дәл осындай тақырыппен көрме болды. 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған шараға ұстаздар мен оқушылар қатысып, онда музей қорында сақталған 1993 жылғы қағаз ақшалар мен металл теңгелердің түрлері оқушылар назарына ұсынылды. Өз кезегінде олар мерекелік теңгелерді де тамашалады.
Шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырды.
Көрме барысында «Қазақстан территориясындағы ақша айналымы» тақырыбында лекция оқылды. Онда 1993 жылдан бастап қолданысқа енген және қолданыстан шыққан ақшалар жайлы түсініктеме беріліп, олардың тарихы айтылды. Музейдің қор сақтаушысы Толқын Жолдасов тарихи деректерді тыңдап білуде балалардың қызығушылығы зор екенін мәлімдеді.

С. НҰРАЙ.