СУРЕТТЕР ҚЫТАЙ ТАРИХЫН СӨЙЛЕТЕДІ

Шымкенттегі Бейнелеу өнері мұражайында «Жетістіктің 70 жылдығы» атты арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

Онда құрылғанына 70 жыл уақыттың жүзі толған көрші Қытай халық Республикасының өткен тарихы мен мәдениетінен мол мәлімет беретін 150-ден астам фотосурет қойылды.
Көрмеде қойылған суреттер арқылы аспан асты елінің 1949 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі құрылысы, саясаты, экономикасы, мәдениеті, экологиясы, қалалары мен халқының тұрмысы туралы деректер айшықталады.
Көшпелі көрмені Шымкенттен бөлек, Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар өңірлерінің тұрғындары тамашалай алады. Қытай тарихынан мол мағлұмат беретін бұл көрмені шымкенттіктер 1-желтоқсанға дейін тамашалай алады.

С. НҰРАЙ.