ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Шымкентте қыс мезгілі кезінде
жолдарда авариялық-құтқару қызметі үшін 151 техника жұмылдырылады.
Арнайы техникалар оқыс оқиғаларды алдын алу үшін жолдарды қардан тазалап, оларға инертті материалдар себу жұмыстарына да пайдаланылатын болады.
Осы аптада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов қысқы маусымға дайындық шараларын пысықтау үшін “ЛТД Тұрмыс”, “Югдорсервис”, “Бəйтерек ЛБ” жəне “Нұртас сервис” сынды жауапты мекемелердің жұмысымен танысты.
Өз кезегінде аталған серіктестер алдағы қыс маусымы кезінде шаһардағы жалпы ұзындығы 1292 шақырымдық 225 көшені қар құрсауынан тазалайды. Бұл ауқымды жұмыстарға тартылатын жұмысшылар саны 1200 адамға жуықтайды.
С. НҰРАЙ.