ШЫМКЕНТТЕ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ САНЫ ҚАНША?
Шымкентте жыл басынан бері Қытай Халық Республикасынан уақытша тіркеуге тұрған азаматтардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1980-нен 904-ке, яғни, 54% төмендеген. Уақытша тіркеуге тұрғандардың азаюы тек аспан асты елінің азаматтарына ғана тиесілі емес.
Көрші Өзбекстан Ресубликасы азаматтарының саны да анағұрлым азайған. Мәселен, былтыр 9 айда қаламызда іргелес елдің 189174 азаматы үшінші мегаполисте тіркеуде болған болса, биыл олардың саны 143309-ға жеткен.
Шымкентке жыл басынан бері 7220 шетелдік студент тіркелген екен. Оның басым көршілігі атап айтқанда, 6261-і Өзбекстан Респубикасының, 459-ы Түркіменстан, 410-ы Индия, 29-ы Ресей Федерациясы, 21-і Қырғыз Республикасы, 11-і Қытай елінен келген. Бұдан бөлек Ауғанстаннан-6, Тәжікстаннан-5, Түркия, Әзербайжан, Монғолия елдерінен-4, Болгариядан-2, Сирия, Нидерланды, Оңтүстік Африка, Израиль мемлекеттерінен -1 студент тіркелген.
Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.
С. НҰРАЙ.