«БҰЙЫРҒАН КЕТПЕЙДІ, ЖҮГІРГЕН ЖЕТПЕЙДІ»

Дубай еліндегі Dubai Duty Free атты дүкен ұйымдастырған лотерея ойынында Қазақстан азаматы Хуссейн Еремешев бір миллион доллар ұтып алған. Ұйымдастырушылар күтпеген олжаға кенелген азаматпен байланысқа шыға алмай жатқан көрінеді. Сондықтан да ұтыс иесі өзінің осындай олжаға кенелгенінен әлі хабарсыз болып отыр.
Өз кезегінде жүлделі жеңіс қорына ие болған Хуссейн Еремешев лотерея ойынына қатысу үшін билетті аталған дүкеннің сайты арқылы сатып алған. Көк долларды қарша жаудырған билет 313-ші сериядағы 3 614 нөмірлі болған.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан Gulfnews.com сайтына сілтеме жасап жазған.
Билеттің құны – 272 долларды құраған.