ЖЕРЛЕРДІ ҚАЙТАРЫП ЖҮРГЕНДЕ, ҚОРАМЫЗ ҚАҢЫРАП ҚАЛМАСЫН
Сенатордың сауалы Үкіметті ойландыра ма?
Сенат депутаты Әли Бектаев Қазақстан жерінде шетелге бей-берекет малдың сатылуына көңілі алаң екенін жеткізді. Ол парламент Сенатының жалпы отырысында осы мәселеге қатысты дабылын ашық айтып, осыған орай Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады.
Халық қалаулысының айтуынша көрші мемлекеттер әсіресе, Өзбекстан Республикасы Қазақстандағы мемлекетаралық сауда саттық қарым қатынастарының оңтайлы болуын өз мүдделері үшін тиімді қолдануда екен. Яғни олар қазақ шаруалары баптап өсірген ірі қара мен уақ малдарды жаппай сатып алу саясатын жүргізуде. Былтыр бізде ел аумағынан тыс жерлерге 88 мыңға жуық мал сатылған. Ал ағымдағы жылдың тоғыз айындағы көрсеткіш бойынша ел ішінен 333 мыңнан астам мал экспортталған. Сатылған ірі қараның саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал уақ мал 7 есеге бірақ көтерілген. Сатылымға шыққан малдар Түркістан, Қызылорда облыстарымен қатар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарындағы малдардың сапалы бөлігін құраған.
Депутат өзінің сауалында осы деректерді айта келе, «ең сорақысы шетке сатылған малдардың 50 пайызы репродуктивті жағдайдағы аналық бастар, яғни көршілес мемлекеттер Қазақстанның малдарын етке ғана емес, өз малдарының сапасын жақсартуға және мал басын көбейту үшін де сатып алуда» деп қынжылған. Және ол ірі қара мен уақ малдың шетелге бей-берекет сатылуы мал басының өсуіне кері әсерін тигезітін баса айтқан. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан 1934-1990 жылдары мал шаруашылығы жоғары қарқында дамыған болатын. Бірақ 1990-2000 жылдар аралығында сала кенжелей түскен. Мәсселен 1991 жылы елімізде 9,8 млн. ірі қара болған болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 4 миллионға бір ақ төмендеген.
Өз кезеінде сенатор Әли Бектаев шетелдіктердің Қазақстаннан мал сатып алау саясатын жүргізуі қатысты нақты қадам жасамаса, түрлі мүмкіндіктердің қарастырылуына қарамастан бұл үрдіс Қазақстандағы ірі қара санының көбеюіне кері әсерін тигізетінін ашық айтады. Сондай-ақ ол, дәл қазіргі таңда мал басының саны 1991 жылғы көрсеткішке әлі жете алмай жатқанын шегелеп өткен.
Қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Бүгінде ет өндірісін ұлғайту мәселесі аналық мал басының проблемасына тіреліп тұрған жоқ, керісінше фермерлерге жем-шөп дайындайтын жерлердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр» деген болатын.
Осыған байланысты қазіргі таңда елімізде ауыл шаруашылығы жерлерін ер мақсатты жұмсамай жатқан телімдерді латифундистерден қайтарып алу процесіне дайындық шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі. Егер Сенатордың малды шетелге сату бойынша айтқан мәлімдемесінен нақты нәтижеге шығаратын болмасақ, жайылымға шығатын мал жоқ деп байбалам салғанымыз тым кеш болатынын ойлаудың өзі қорқынышты.
А. САТЫБАЛДЫ.