ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановты қабылдады.
Кездесуде тараптар мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін, қазіргі заманғы әдеби үрдіс пен Қазақстанды жаңғыртудағы шығармашыл зиялы қауымның рөлі мен рухани орта құру мәселесін талқылады.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкентте атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталған қала әкімі халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін де ерекше атап өтті.
Бұдан бөлек, келер жылы Қазақстанда аталып өтілетін ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойлары туралы сөз қозғады.

Шымкент қаласы әкімдігінің
баспасөз қызметі.