ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ОТА ЖАСАУДЫҢ ТАҒЫ БІР ТҮРІН МЕҢГЕРУДЕ

Түркістан облысының дәрігерлері жарықты (грыжа) біржола емдеуге ықпал ететін ота жасауды меңгеруде.
Осы аптада облыстық клиникалық ауруханада лапароскопиялық технология әдісімен жарыққа ота жасау бойынша шебер класы өткізілді. Шебер класты жергілікті дәрігерлерге Ақмола облыстық клинкалық ауруханасындағы ота бөлімінің меңгерушісі Руслан Хасенов жүргізді.
Бүгінде адам ағзасындағы жарықтарды жою үшін отаны лапароскопиялық технология көмегімен жүргізу кең қолданылып келеді. Ал оның қыр-сырын білу үлкен ептілікті талап етеді. Шат және кіндік жарықтарынан айықтырып, ағзадағы ауырсынуды біржола болдырмайтын ота кезінде лапароскопиялық араласу жалпы анестезиямен жүзеге асырылады.
Дәрігерлер отаның бұл түрі көп уақыт алмайтынын, бірер күнде науқас өз өзіне келіп, ауруханадан шығарылатынын алға тартуда. Сонымен қатар науқас дәрігер кеңесіне мұқият құлақ асып, кешенді күтім жасаса жарыққа жасалған отадан соң асқыну болмайтынын баса айтуда.
Жалпы бүгінге дейін Түкістан облысында лапароскопиялық технология көмегімен жарыққа ота жасау жүргізілмегенін.

С. НҰРАЙ.