Демографиялық өсім қай өңірде өсіп тұр?

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Статистика комитетінің таратқан дерегіне сәйкес, ағымдағы жылдың 1-тамызындағы жағдай бойынша ел тұрғындарының саны 18528,9 мың адамға жеткен. Сөйтіп қазақстандықтар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 236,2 мың адамға көбейген.
Комитет көрсеткен дерекке сүйенсек, қазақстандықтардың 58,3 пайызы қалада қоныс тепсе, 41,7 пайызы ауылда тіршілік етуде. Есепті кезеңде еліміздің қай өңірінде ең көп жалпы өсім жағдайы байқалып отырғаны да көрсетілген. Олар Нұр-Сұлтан қаласы (58,4 мың адам), Алматы қаласы (50,6 мың адам) және Түркістан облысы (46,4 мың адам) болып табылады.

Ә. АЙТЖАРИ.