ТЫЙЫМ САЛҒАН ЖЕРЛЕРДЕ ТЕМЕКІ ТАРТУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

Жыл басынан бері Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына полиция мен шенеуніктердің үстінен тұрғындар тарапынан 120 арыз түскен. Өз шағымдарында азаматтар орын-тақта отырғандар мен қызыл жағалылардың қызметін асыра пайдаланғанын алға тартқан. Келіп түскен осыншама шағымның 80-і полиция қызметкерлеріне қатысты болған. Олардың тең жартысы шындыққа негізделіп жазылған шағым екені анықталған.
Бұл деректі журналистерге ағымдағы жылдың алты айын қорытындылаған Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әлиев таратты.
Алты айды сараптаған фемида өкілдері есепті мерзім ішінде мамандандырылған әкімшілік сотының 5340 әкімшілік іс қарағаны мәлімделді. Соның ішінде 2889 іс бойынша жауапкерге айыппұл салынған, 909 іс бойынша қамау жазасы қолданылған, 855 іс қысқартылған, 327 іс бойынша азаматтар ел аумағынан әкімшілік жолмен шығарылған, 53 іс бойынша ескерту шарасы көрілген. Автокөліктерді заң талаптарын сақтамай басқарғандар туралы 648 іс бойынша жүргізушілер жүргізу куәліктерінен айырылған. 100-ден аса іс тараптардың бітімге келуімен аяқталған.
Қалалық мамандандырылған әкімшілік соты осы істер бойынша б арлығы 1 79 м лн. теңгеден аса айыппұлдар салған. Бүгінде оның 78 млн. теңгесі өндірілген.
«Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 653 әкімшілік іс қаралған.
Қалалық мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әлиев қазіргі таңда Шымкентте тыйым салынған аумақтарда темекі тарту мен алкогольді ішімдік ішу тыйылмай тұрға-нын жеткізді. Айналаны ластауда біраз азаматтың ішкі мәдениеті төмендеу болып тұрғанын атап өтті.

М. ӘБДІРАЙЫМ.