СІЗ ДОНОР БОЛУҒА КЕЛІСЕСІЗ БЕ?
Қазіргі таңда еліміздің әрбір тұрғыны цифровизация негізінде емханаға тіркелген кезінде оған дәл осындай ұсыныс беріледі.
Егер ол одан бас тартса не болады? Бұл сұраққа еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов төмендегідей жауап берді:
– Қазақстандағы заң бойынша егер әр азамат көзі тірі шағында осындай ұсыныстан бас тартса, жан тәсілім болған кезінде оның органы ағза алмастыру операциялары үшін алынбайды. Ал егер бас тартқанын айғақтайтын қағаз болмаса, туған туыстарының келімісінсіз-ақ марқұмның ағзасы, өзге адамның өмірін сақтап қалу мақсатнда алынады. Заң жүзінде бұған рұқсат берілген.
Бұл норма қазіргі таңда қандай да бір органы сөнген науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп жатыр.
Еліміздің бас дәрігері адамдардың біразы бұл ұсыныстарға келісімін беріп үлгергенін алға тартуда. Ал адамдар көзі тірі шағында бұл ұсынысқа келісім беретіні немесе бермейтінін нақты көрсетпей кетсе, о дүниелік болғанда оның туған-туыстарынан рұқсат алу міндетті болмайды.
Мұндай заң елімізде 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген.
С. ЖҮНІСБЕКОВ.