ҚАЙНАРЛЫҚТАР МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖОСПАРЛАРЫН ТЫҢДАДЫ
Бүгін Төлеби ауданы, Қайнар ауылдық клубында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Халыққа қызмет көрсету мен халық шығармашылығын дамытудағы мәдениет қызметкерлерінің атқаратын ролі» атты жылжымалы семинар-кеңес өтті.
Семинардың бағдарламасына сәйкес жиынға қатысушылар Қайнар ауылдық клубының іс-құжаттарымен танысып, аталмыш клубтың меңгерушісі Ж.Сытышев 2018 жылдың 7 айында атқарған жұмысы және алға қойған мақсаттары жайында баяндама жасады.
Сонымен қатар бекітілген бағдарлама бойынша семинардың негізгі тақырыбы бойынша Тасарық ауылдық клубының меңгерушісі С.Жаңабаев, Кемеқалған ауылдық клубының әдіскері М.Ботаев және Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйінің әдіскері С.Қонысбекова баяндама жасап, сол тақырып бойынша қойылған сұрақтарға өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып жауап берді.
Шараны аудандық мәдениет үйінің директоры Б.Оразымбетов қорытындылап, мәдениет қызметкерлерінің халық арасындағы ролі орасан зор екендігін және еліміздің мәдениетінің дамуы жолында аянбай еңбек ететіндігімізді атап өтті.