ҚАРАТӨБЕДЕ ЖЫЛЖЫМАЛЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ.

Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық клубында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Аудандық, қалалық мәдениет үйілері әдіскерлерінің қызметін жаңаша ұйымдастыру, үлгілі жұмыстарды насихаттау» атты жылжымалы-семинар кеңес өтті.
Семинардың бағдарламасына сәйкес жиынға қатысушылар Қаратөбе ауылдық клубының іс-құжаттарымен танысып, аталмыш клубтың меңгерушісі Қ.Бөкенов 2018 жылдың 7 айында атқарған жұмысы және алға қойған мақсаттары жайында баяндама жасады.
Және де семинардың негізгі тақырыбы бойынша Жамбыл ауылдық клубының әдіскері Н.Жалбиев әдіскерелердің жұмысы жайында түрлі тақырыптарды негізге ала отырып, үлгілі деген іс-шараларды атап көрсетті. Сонымен қатар, Жеңіс ауылдық мәдениет үйінің әдіскері А.Татыбаева ауылдық мәдениет ошақтары әдіскерлерінің білімі мен біліктілігін жетілдіру мақсатында түрлі тақырыптағы семинар-тренингтерді өткізуді ұсынды.
Тақырып бойынша жиынға қатысқан мәдениет қызметкерлері түрлі ой-пікірлерін және әр-түрлі әдіс-тәсілдерді ұсыныс ретінде ортаға салды. Және аудандық мәдениет үйінің директоры Б.Оразымбетов барлық ой-тұжырымдарды тыңдай отырып, қорытындылады.