«ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БЕЙНЕСІН СОМДАҒАН ТАЛАНТТЫ ТУМА» САПАРБАЙ ӨТЕМІСҰЛЫ 75 ЖАСТА!

Сапарбай Өтемісұлы еңбек жолын 1960 жылы Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында сахна қызметшісінен бастайды. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын жас талант осы кезден бастап көпшілік сахнада ойнай бастайды. Театрдың бас режиссері Ғайнижамал Хайруллина жігіттің өнерге деген ынтасын көріп, Асқар Тоқпановтың Шымкентке келген сапарында «Мына жігітті көріңізші» деп жолықтырады. Асқар Тоқпанов Сапармен шамалы сөйлескен соң, «Алматыға келсін» дейді. Осылай жас дарын 1964 жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтіне оқуға түседі. Ол театр бөлімінде, актер факультетінде атақты профессор, ҚР халық әртісі Асқар Тоқпановтан тәлім алады.
Қазақ ССР –нің еңбек сіңірген артисі , «Парасат» орденінің иегері , Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Сапарбай Өтемісұлы 75 жаста.