АРДАГЕР СПОРТШЫЛАР ТӨСБЕЛГІ ТАҒЫНДЫ

Спортшылардың төл мерекесінде аудан спортын дамытуға еңбегі сіңген ардагер спортшыларға төсбелгілер тапсырылды. Атап айтар болсақ, «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік патриоттық журналының редакция алқасының шешімі негізінде ардагер футболшы, қазіргі таңда футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ермек Аманқұлов, тоғызқұмалақ ойындарының ардагері Уәли Әждүрлиев, ішкі істер саласының ардагері, кезінде майталман футболшы болған Бидулла Тәліпов, волейбол спортының ардагері, бүгінгі таңда Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Әлібек Сейдалиев, қазіргі күні төсекке таңылып жатқан ардагер спортшы Әбділлахан Қалдаров сынды азаматтар «Спорт ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Осынау марапатты және аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың «Алғыс хатын» салтанатты жағдайда табыс еткен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев пен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шынболат Райханов ардагер спортшыларды мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.