СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ТҮРКІСТАН КӨШІНЕ АРНАЛДЫ

Шардара ауданында Түркістан облысы әкімдігі мен басқарма қызметкерлерінің Түркістан қаласына қоныс аудару құрметіне спорттың жағажай түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Аудан әкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен өткен жарыста қала мен ауылдық округтерден келген спортшылар жағажай волейболынан, жағажай футболынан және балық аулаудан өзара сынға түсті. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев құттықтау сөз сөйлеп, Елбасы Жарлығымен құрылған Түркістан облысының мән-маңызына кеңінен тоқталып өтті.
Қызықты өткен жағажай жарыстарында мықты деген командалар жеңіске жетті. Балық аулау жарысында түске дейін он келіден астам балық аулап үлгерген «Пират» командасы жеңіске жетсе, футбол ойынында аудандық футбол мектебінің ойыншалары жеңіс тұғырына көтерілді. Жағажай волейболы ойынында Шардара қаласының спортшылары жеңімпаз болып танылды. Жеңіске жеткен командалар мен жүлдегерлерге грамоталар мен сый-сияпаттар табыс етілді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.