АЯҚДОП ДОДАСЫ Е.ӘШІРБЕКОВКЕ АРНАЛДЫ.

Төлеби ауданында жергілікті тұрғындар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмыстары ұдайы ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы тамыз айында Төлеби ауданына қарасты Бірінші Мамыр ауыл округіне қарасты Жаңажол елді мекенінде спорт жанашыры Әшірбеков Есенғали Әбдісәлімұлын еске алуға арналған футболдан жастар арасында аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа аудан бойынша он алты құрама командалар қатысып, үш жүзге тарта спортшылар ойындар өткізді. Аса тартысты өткен турнирде жүлделі ( I-орынды Тоғыс ауылының командасы, II-орынды Ленгер қаласының құрама командасы, III-орынды Бейнеткеш ауылының командасы жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздарына Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Құрбаналиев тиісті дәрежедегі дипломдар және кубоктар табыстаса, Әшірбековтер әулеті есебінен қаржылай сыйлықтар тапсырылды. Жарыстың негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану болып табылады