ЖАСТАР БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ
Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының психолог мамандарының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастар мен жасөспірімдер арасында жазғы сауықтыру лагерінде демалушы жастары арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың және келеңсіз жат қылықтардың алдын-алу бойынша психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырып өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты жастардың бойын патриоттық- отансүйгіштік , адамгершілік мінездердің қалыптасып өсуіне ойындар арқылы ізгілік қасиеттерді бойына сіңіру болып табылады.
Семинар барысында жастарға түрлі түсті қағаздар мен плакаттар беріліп топтық жұмыстар жүргізілді, жастар бір-біріне сенімділіктерін арттыру үшін «Өмірімнің бақытты сәттері», «ұшты-ұшты…» психологиялық ойындары жүргізіліп, өз ойларын ашық жеткізіп тақырыпты кеңінен тарқатып, ойын барысын әсерлей түсті. Іс-шара соңында жас туристер станциясының орынбасары Ф.А.Қалтаева лагерге келген демалушы жастарға алдағы уақытта осындай семинарлар өз жалғасын табатынын баса айтып өтті.